"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы "Martrade Group" ірі неміс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы әлемнің 8 елінде өкілдігі және Украина, Үндістан, Ирак порттарында терминалдары бар "Martrade Group" ірі неміс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаларды орналастыру тәртібі, жер учаскелерін беру, АЭА қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормалары туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысқан АЭА аумағындағы кеден органының өкілі логистика саласында компаниялардың қызметін кедендік реттеу мәселесі бойынша толық түсініктемелер берді. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 153